БҰҰ мәліметтері бойынша Қазақстан интернет арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бағалайтын Онлайн-қызметтер индексі (Online Service Index) бойынша әлемнің үздік он елі қатарына кіреді. Бұл көрсеткіш қызметтер спектрінің кеңдігін және азаматтардың өтінімдерді беруі мен қорытынды нәтижелерді алуын қоса алғанда, онлайн өзара әрекеттесудің толықтығын көрсетеді. Қазақстан құрметті 10-орынды иеленіп, алғашқы ондықты түйіндеді. Тек технологиялық жетістіктерімен танымал Жапониядан аз ғана қалып қойды. Салыстыру үшін: ТМД мен Орталық Азия елдері арасында ең жақын нәтиже 53-орынды иеленген Арменияда. Ресей 56-шы орында, Өзбекстан 59-шы орында, Қырғызстан 89-шы орында, ал Түрікменстан 172-орында. Толығырақ ақпарат инфографикада көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың тиімді үлгілерінің бірі – табиғи монополиялар субъектілерін (ТМС) инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттар (ТШ) беру процесін автоматтандыру. Бұл жұмысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігімен бірлесіп жүзеге асырды. Енді инженерлік желілерге қосылуға арналған ТШ-ны жаңа «Монополист» базасы арқылы алуға болады. Процесті автоматтандыру және цифрландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды және қызметті «бір терезе» қағидаты бойынша алуға мүмкіндік береді.
БҰҰ мәліметтері бойынша Қазақстан интернет арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бағалайтын Онлайн-қызметтер индексі (Online Service Index) бойынша әлемнің үздік он елі қатарына кіреді.
12/3/2024